Хабиб Нурмагомедов 9 айға жарыстардан шеттетілді

30 Қаңтар 2019, 12:36
2284
Бөлісу:
Хабиб Нурмагомедов 9 айға жарыстардан шеттетілді

Астана, BAQ.KZ. 29 қаңтарда жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы жұдырықтасудан кейінгі төбелес туралы іс бойынша Невада штатының Атлетика комиссиясының отырысы өтті. Бұл жөнінде Вести.ру порталы хабарлайды. 


Жоғарыда аталған екі спортшының арасындағы жекпе-жек 2018 жылдың 6 қазанында АҚШ-тың Невада штатындағы T-Mobile Arena алаңында өткен болатын. Нурмагомедов МакГрегорды төртінші раундтан кейін тұншықтырып, одан соң, октагон өоршауынан секіріп шығып, ирландиялықтың спарринг-серіктесіне де жұдырық ала жүгірген болатын. Бұл қос команда арасындағы төбелеске алып келді. 
Тәртіптік тыңдаулардың қорытындысы бойынша Нурмагомедовты 9 ай мерзімге жарыстардан шеттету және оған 500 мың доллар көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарылды. Егер, ресейлік спортшы бұзақылыққа қарсы бағытталған әлеуметтік шараларға қатысатын болса, жаза мерзімі үш айға қысқартылуы мүмкін. Осылайша, ол 2019 жылғы сәуірде октагонға қайта орала алады. 

 Ал, МакГрегор жарты жылға шеттетіліп, оған 50 мың доллар көлемінде айыппұл салынды. 

Сонымен қатар, төбелеске қатысқан ресйелік Абубакар Нурмагомедов пен Зубайра Тухугов так жазалаудан шет қалмады. Олардың екеуі бір жылға шеттетіліп, 25 мың доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттетілді. Айта кету керек, жазалау мерзімі 2018 жылдың қазан айынан бастап есептеледі.
Өзгелердің жаңалығы