Хабиб мансабын қашан аяқтайды

30 Шілде 2020, 21:47
1556
Бөлісу:
Хабиб мансабын қашан аяқтайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың менеджері Али Абдель-Азиз ресейлік спортшының масабын қашан аяқтайтынын айтты, деп жазады Prosports.kz.

Абдель-Азиздің айтуынша, Хабиб тағы екі рет жеңіске жеткеннен кейін спорттан кетуге ниетті. Нурмагомедов спорттағы жетістігін 30-0 есебіне жеткізуді көздеп отырған көрінеді.

Айта кетейік, 31 жастағы Хабиб ММА-да 28 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның келесі қарсыласы - UFC-дің жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы Джастин Гэтжи.

Өзгелердің жаңалығы