Хабаровскіде лагерь өртеніп, 4 бала қаза тапты

23 Шілде 2019, 17:27
1944
Бөлісу:
Хабаровскіде лагерь өртеніп, 4 бала қаза тапты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Хабаровск қаласында балалар лагеріндегі өрт салдарынан қаза болғандардың саны 4-ке жетті. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

pic_450a281fa1132e579e6d80262cd15597.jpg

Айта кетейік, 22 шілде күні түнде Хабаровскіде «Холдоми» тау-шаңғы кешенінің аумағындағы лагерьде өрт шықты. Шатырлы лагерьде жалпы саны – 189 бала демалып жатқан. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жеткенше, 26 палатканың 20-сы жанып кеткен. Өрт 240 шаршы метр жерді шарпыған. 

pic_f519b821e150a6978a88684470e442ea.jpg

Бұған дейін 2 қыз баланың көз жұмғаны хабарланды. Baza-ның Telegram-каналының деректеріне сүйенсек, қаза болған қыз 11 жаста. Оның денесінің 90%-ын күйік шалған. Ал бірінші қайтыс болған қыз бар-жоғы 10 жаста болған.

 «4 бала қаза болды. Жансақтау бөлімінде жатқан ұл бала да көз жұмды», - деді өңір губернаторының баспасөз қызметіндегілер.

Жансақтау бөлімінде жатқан Арсений есімді 10 жасар бала өрт кезінде қыздарды палаталардан шығарып, құтқаруға көмектескен. Ол қатты күйіп,  ес жимастан қаза болған.

pic_d634682f3f42a487825f8c4fa86868df.png

Өрт кезінде зардап шеккен тағы бір балаға иіс тиіп, дереу ауруханаға жатқызылды. Жалпы өрт салдарынан 10 шақты бала зардап шекті.

«Шатырлы лагерьден бөлек, аталған кешеннің аумағында басқа демалушыларға арналған 455 үй бар. Бұл жерлерге басқа балалар орналастырылды», - деді Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер.

Өрт лагерьде қолданылған жылыту құрылғыларының істен шығуы себебінен болуы мүмкін. ТАСС-тың мәліметінше, жылыту құрылғылары киім кептіру үшін қолданылған.

detail_54aa078d2f660f069e8c05349fd878b4.png

Тергеу комитеті РФ ҚК 103-бабы 1-бөлімі (Абайсызда өлтіру) және ҚК 238-бабы 2-бөлімі бойынша (Тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету) бойынша іс қозғады.

pic_057cc7d9d844ab69af82ac148997ed69.jpg


Өзгелердің жаңалығы