«Хабар» агенттігі тележүргізушілерге кастинг жариялады

17 Қыркүйек 2019, 13:00
3365
Бөлісу:
«Хабар» агенттігі тележүргізушілерге кастинг жариялады
Серіктестік материал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Хабар» Агенттігі өз телеарналарында тележүргізушілерге конкурс-кастинг жариялайды. 2019 жылдың 16 қыркүйек пен 23 қазан аралығында іріктеу кезеңінің үш сатысы instagram желісіндегі live режимінде жүзеге асатын болады.

«Хабар» Агенттігі» ешқашан бір орында тұрған емес, тұрмайды да. Сондықтан да жаңа маусымның шымылдығын аша отырып, біз қатарымызға кәсіби тележүргізушілер қосылсақ дейміз. Әрине, 24 жылда біздің өзіміздің қалыптасқан дәстүріміз, Зейін Әліпбек, Айгүл Мукей сынды атақты тележүргізушілер, былайша айтқанда «мэтрлерді» қалыптастырған үлкен кәсіби мектебіміз бар. Бүгінде олар көрермендер үшін қызмет етіп жүрген жас журналистердің үлгі тұтар азаматтары. Одан басқа, Агенттікпен бірге өсіп келе жатқан жас тележүргізушілеріміз де жоқ емес» - деді «Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Ринат Кертаев бүгінгі конкурстың бастау алғанына арналған баспасөз отырысында.

Оның айтуынша, заман талабына сай, тележүргізушілерге деген талап та, талғам да жиі өзгеріп отыруы заңдылық. «Жаңа арна айналарын табу - Агенттіктің бұл жолғы мақсаты. Біз – онсыз да кәсіби, білікті, жылдамдыққа жұмыс жасайтын ұжымымызға жаңа серпін, жаңашылдық енгізгіміз келеді. Бұл - кәсіби, тіпті қоғамдық кастинг болады деп ойлаймын. Арнайы сарапшылар тобы «Хабар» Агенттігіне жұмыс істеуге лайық деп санаған ең мықты екі тележүргізушіні таңдайтын болады» - деп сөзін аяқтады.

Конкурстың негізгі талаптары:

- Кастингке кәмелеттік жасқа толған, Instagram желісінде аккаунты бар, кез келген азаматтар қатыса алады

- Конкурсқа қатысу – тегін

- «Хабар» Агенттігінің көркемдік кеңесінің мүшелері мен арнайы сарапшылар тобы барлық іріктеу кезеңінің жеңімпаздарын анықтайтын болады

- Іріктеу кезеңінің келесі сатысына кастингтің өткен финалистер ғана қатыса алады

Конкурстың талаптары мен ережесі туралы толығырақ www.khabar.kz сайтында.

Конкурс тәртібі:

1)      Кастингтің бірінші кезеңінде іріктеу қатысушы Instagram-дағы жеке аккаунтында ұзақтығы 1 (бір) минуттан аспайтын бейнежазбаны жариялап, онда не себепті өздерінің дәл «Хабар» Агенттігі бағдарламаларының жүргізушісі болуы тиістігін негіздей алуы тиіс. Instagram-дағы бейнежазбаның сипаттамасында қатысушының тегі, аты, әкесінің аты, толық жасы мен #Хочуработатьнахабаре және #Хабардақызмететкімкеледі хэштегтері көрсетілуі керек. Бірінші кезең - 2019 жылдың 16 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өткізіледі.

2)      Сарапшылардың іріктеуінен келесі кезеңге өткен қатысушы Instagram-дағы жеке аккаунтында ұзақтығы 1 (бір) минуттан аспайтын өз қаласындағы оқиғалар желісін баяндауы тиіс. Оқиғаны және түсірілім стилін таңдау қатысушысының өз еркінде. Аталмыш бейнежазбаны қатысушы Instagram-да #Хочуработатьнахабаре2 және #Хабардақызмететкімкеледі2 хэштегтерімен көрсетуі тиіс. Бұл екінші кезең - 2019 жылдың 7 қазан-14 қазан аралығында өткізіледі.

3)      Аяқтаушы болып табылатын кастингтің үшінші кезеңінде - қатысушы сынақ бейнежазбасына келіп, түсуі керек. Соңғы болып табылатын үшінші кезең - 2019 жылдың 14 - 23 қазан аралығында өткізіледі.

Конкурстың жеңімпаздары арнайы сарапшылар тобымен анықталып, 2019 жылдың 23 қазанында жарияланатын болады.

Қосымша ақпараттар үшін төмендегі мекен-жайға хабарласыңыздар

media@khabar.kz, 8 (7172) 757 553

www.khabar.kz | facebook.com/ KhabarTV | vk.com/ KhabarTV | twitter.com/KhabarTV | Instagram.com. KhabarTV

Өзгелердің жаңалығы