Бас жаңалықтар
ҚХА төрағасының орынбасары ТМД елдері дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті
17 Маусым 2019, 17:59 310

ҚХА төрағасының орынбасары ТМД елдері дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Грузия, Литва және ТМД елдері дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті. 

Іс-шараға Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясының, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина, Қырғызстан, Әзербайжан, Грузия мемлекеттерінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілері, сондай-ақ Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы үшінші хатшысы қатысты. 

Түймебаев кездесудің мемлекеттер арасындағы берік ынтымақтастық пен екіжақты қарым-қатынастарға жаңа серпін беріп, халықтық дипломатияны, халықтарымыздың бірлігі мен келісімін нығайта түсетініне сенімін білдірді. Сондай-ақ, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылғы 17 маусымдағы Ассамблеяның ХХVII сессиясында берген тапсырмаларын орындаудың жолдарын қарастыруға дайын екенін айтты.



«Бірінші тапсырма бойынша Ассамблея аясында этномәдени бірлестіктердің бизнес-құрылымдары негізінде елімізде «Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі құрылды. Бүгінде оның құрамына 200 астам кәсіпорын мен басқа да салалық бірлестіктер кіреді. Екінші тапсырма бойынша іскерлік байланыстарды дамыту және елге инвестиция тарту үшін ҚХА шетелдік достарының клубын құру міндеті тұр. Үшінші, ҚХА өкілдері-кәсіпкерлерін шет елдермен екіжақты іскерлік кеңестергдің құрамына енгізу міндеті бойынша биыл қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық бизнес форумын өткізу жоспары бар. Мұның бәрі халық дипломатиясын дамытуға, экономикалық және әлеуметтік қатынастарымыздың негіздерін кеңейтуге мүмкіндік береді деп есептеймін», - деді Түймебаев. 



Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVII сессиясында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру жолдары, соның ішінде ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы арқылы шетелдік инвесторлармен экономикалық және әріптестік қарым-қатынастарды дамыту, екіжақты іскерлік кеңестерге қосылу, сондай-ақ Ассамблеяның шетелдік достары клубын құру мәселелері талқыланды.

Фото: дереккөз

Сізден жаңалық