ҚХА-ның қайырымдылық акциясы жыл бойы өтеді

9 Қаңтар 2019, 21:22
2320
Бөлісу:
ҚХА-ның қайырымдылық акциясы жыл бойы өтеді

Астана, baq.kz. Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған 2019 жылға арналған «Қайырымдылық керуені» атты қайырымдылық іс-шаралары бастау алып, өңірлерде жалғасын табуда. Бұл туралы assembly.kz сайты жазды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған 2019 жылға арналған «Қайырымдылық керуені» атты қайырымдылық іс-шаралары бастау алып, өңірлерде жалғасын табуда.

«Мейірімділікпен бірлікке!» ұранымен бастау алған қайырымдылық акциясы бір жылға созылып, ай сайын қазақ ұлтының әдет-ғұрыптарымен ұштастырылатын болады. Қаңтар айында «Сарқыт» атауымен өтіп жатқан қайырымдылық іс-шарасы ақпанда – «Сыбаға», наурызда – «Шашу», сәуірде – «Асар», мамырда – «Қамқор», маусымда – «Тоқымқағар», шілдеде – «Ерулік беру», тамызда – «Жылу», қыркүйекте – «Көрімдік», қазанда – «Бата», қарашада – «Бес жақсы», желтоқсанда – «Кәде» деп аталып өткізілетін болады.

Аталған салт-дәстүрлерге сайып келетін іс-шаралар «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын танытуға да зор үлесін тигізбек. Жалпы аталған жобаның өткен жылы тұсауы кесіліп, мақсатты түрде жұмысын бастап кеткен болатын.

ҚХА 2015 жылдан бастап қайырымдылық іс-шараларын үздіксіз өткізіп келеді. Бұл үрдіске халық арасынан шыққан жомарт жандар мен меценаттар өз үлестерін қосуда.

Сарқыт – қуанышқа, жақсылыққа жайылған дастарқандағы дәмнен сыйлы, құрметті қариялардың жолын берсін деген ниетпен әжелер балаларға алатын базарлығы. Бұл ғұрыптың тәрбиелік мәні зор – адал асты ысырап етпей, жақыныңмен жақсылықты бөлісуді білдіреді.

Өзгелердің жаңалығы