ҚХА келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады

22 Мамыр 2020, 12:14
1690
Бөлісу:
ҚХА келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері барлық қазақстандықты келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ҚХА-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Сіздерді келе жатқан қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Айтулы мейрам - рухани тазару мен құлшылыққа, ізгілік пен сауапқа толы Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Ораза айт - мұсылмандарды ғана емес, татулықты ту еткен Қазақстан халқын бір тұтастыққа біріктіреді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұл күндері ел тұрғындары мұқтаж жандар мен қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға қол ұшын созып, сауап жинауға ұмтылғандығын атап өтті.
"Біз біргеміз!" акциясы мен Түркістан облысы Мақтаарал ауданы тұрғындарына көрсетілген гуманитарлық көмек нағыз қайырымдылық пен мейірімділіктің жарқын үлгісі бола алды. Қазақстанда әртүрлі діни конфессия өкілдері ежелден тату-тәтті өмір сүріп, біте-қайнасып келеді. Қазіргі таңда олар қоғамдық өмірге белсене араласып, бірлік пен келісімді нығайтуға өз үлестерін қосып отыр, - делінген баспасөз хабарламада. 
ҚХА-сы келе жатқан ұлық мерекеде барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, толағай табыс, мол бақыт пен сәттілік тілейтіндерін жеткізіп, Ораза айт әрбір шаңыраққа ырыс-құт пен бақ-береке ала келсін деп тіледі.



Өзгелердің жаңалығы