ҚХА Арысқа «Достық» керуенін жіберді

12 Шілде 2019, 22:00
1598
Бөлісу:
ҚХА Арысқа «Достық» керуенін жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Арыс қаласының тұрғындарына көмек беру шараларын жүйелі жалғастырып келеді.

Бүгін Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығы құрылыс материалдары тиелген 10 жүк көлігін Шымкенттен Арыс қаласына көмек ретінде жөнелтеді. Құны 9 млн 800 мың теңге болатын материалдар бүгін апат орын алған аймақтағы Шымкент қаласына бекітілген №10 секторға жеткізіледі.

«Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері апат орын алған алғашқы сәттен бастап арыстықтарға қолдан келген көмегінің бәрін көрсетті. Этномәдени бірлестіктердің бірі қаржылай, бірі заттай жылы көңілмен жылуға үлес қосты. Қазақстандықтардың ауызбірлігі қандай қиындыққа да қарсы тұруға болатынын көрсетті. Ел екенімізді, біріксек бізден қуатты күш, бізден мейірімді қауым болмайтынын дәлелдеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы еңселі елдік пен берекелі бірлік сынға түскен осы қиын кезеңде жалпы 89 млн теңгенің көмегін көрсетті», - деді Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің «Достық» қауымдастығының төрағасы төрағасы Икрам Хашимжанов.

Айта кету керек ассамблея мүшелерінің қайырым-көмегі мұнымен толастамайды. Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарына қол ұшын созып, қаржылай және материалдық көмек көрсету шараларын жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы