ХҚО мамандары зейнеткерлердің жеке куәліктін үйлеріне барып рәсімдеп беруде

15 Мамыр 2020, 20:55
1421
Бөлісу:
ХҚО мамандары зейнеткерлердің жеке куәліктін үйлеріне барып рәсімдеп беруде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай мерзімінде 9 мыңнан астам қызылордалықтардың жеке куәлік мерзімі өтіп кеткен. Осыған орай, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы көші-қон басқармасы және облыстық білім басқармасымен бірлесіп игі бастаманы қолға алды.

Фронт-офис және көші-қон мамандарымен осындай мәселелерге кезігіп қалған зейнет жасындағы және мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне барып, формулярмен құжаттарын рәсімдеп беруде.

Бұл шараның негізгі мақсаты - халыққа қызмет көрсету орталығы ашылған уақытта азаматтардың орталыққа көптеп жиналуын болдырмау және зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Қазіргі таңда облыс бойынша 226 тұрғын құжаттандырылды - деді, филиал директоры Айдын Бөкенбайұлы.

Үш жақты келісімнің аясында облыс бойынша азаматтардың тізімі жасақталынған. Бүгінде құжаттандыру жұмысы қала және аудан көлемінде қарқынды түрде жүргізілуде. 

Сонымен қатар, куәлік мерзімі өткен және кәмелет жасына келіп, жаңадан куәлік алушыларды әкімдіктермен, білім бөлімдерімен бірлесіп, арнайы кестемен рәсімдеу шаралары жүргізілетін болады. Негізінде азаматтарға мерзімі өткен құжаттарын жаңалауға 10 шілдеге дейін мүмкіндік беріледі.

Айта кету керек, куәлік мерзімдері өтіп кеткен азаматтар карантин аяқталған соң 10 шілдеге дейін ауыстырып алуға мүмкіндіктері бар. Ал, Халыққа қызмет көрсету орталығынан құжаттандыру жұмыстары маусым айының 1-не дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы