Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу: Тоқаев заңға қол қойды

25 Мамыр 2020, 15:27
1454
Бөлісу:
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу: Тоқаев заңға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар, Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.


Өзгелердің жаңалығы