Кей аймақтардағы топырақтың қату көрсеткіші әдеттегіден жоғары – министр

2 Наурыз 2021, 12:18
1975
Бөлісу:
Кей аймақтардағы топырақтың қату көрсеткіші әдеттегіден жоғары – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Су тасқыны маусымына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу» тақырыбы асында өткен онлайн брифинг барысында ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.

Қар қоры жиналып жатыр. Осыған орай «Қазгидромет» мекемесімен бірлесе отырып, біз апта сайынғы бақылау мониторингі жұмыстарын күшейте түстік. Бұл көмктемгі су тасқыны маусымына дайындық мақсатында жасалып отыр. Қазіргі таңда «Қазгидромет» мекемесінің мәліметтеріне сай, Ақмола облысы маңындағы Шағалалы өзеніндегі қардың жиналу қоры былтырғыға қарағанда қалыпты деңгейден 54%-ға, Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзенінде 50%-ға, Ақтөбе облысындағы Елек өзенінде 39%-ға артық, - деді ол.

Министрдің айтуынша, қалыпты деңгейден жоғары батпақтану көлемі Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарындағы Есіл өзенінде байқалып отыр. 

Алдағы су тасқыны маусымынан келер негізгі мәселе – өткен жылдарға қарағанда елдің кейбір аймақтарындағы топырақтың қату мөлшерінің әдеттегі нормативті бақылаудан  70 см-ге артуы болып отыр. Бұл қар мен мұздың қарқынды еруі және қатты жауын-шашын кезінде су тасқынының пайда болуына әкелуі мүмкін. Қазір біз ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің бөлімшелерімен су қоймаларының су толу деңгейіне мониторинг жүргізіп отырмыз. Су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қар қарқынды ери бастаған кезде транзитті жұмыс істеу режиміне көшіретін боламыз. Бұл бізге көктемгі су тасқыны кезінде суды кедергісіз ағызуға мүмкіндік береді, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы