Бас жаңалықтар
Кеше елімізге 3500-ден астам жолаушы келді
14 Сәуiр 2021, 17:05 269

Кеше елімізге 3500-ден астам жолаушы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Грузия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

3542 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3527 адам, анықтамасыз 15 ҚР азаматы келді. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1689 жолаушы, анықтамамен - 1677, анықтамасыз - 12; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 700 жолаушы, анықтамамен - 698, анықтамасыз - 2;

Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, 617 жолаушы, анықтамамен - 616, анықтамасыз - 1;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 293 жолаушы анықтамамен келген;

Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 4 жолаушы анықтамамен келген;

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 239 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 12 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген 21 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 13 сәуірінде Москва – Нұр-Сұлтан авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Ресей Федерециясының азаматы Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...