Бас жаңалықтар
Кеше елімізде 29 адам мен 10 техника қар құрсауынан шығарылды
09 Ақпан 2021, 12:40 633

Кеше елімізде 29 адам мен 10 техника қар құрсауынан шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 8 ақпанында Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының облыстық және республикалық маңызы бар автожолдарда қар құрсауынан 29 адам құтқарылды, 10 жеңіл және жүк автомашинасы мен автобус шығарылды. 

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖ департаменттерінің, жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. 

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 12 дауылды ескерту жарияланды.

Қазіргі уақытта ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, қар,  көрінудің нашарлауы, көктайғақ) еліміздің 5 өңірінде республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесі жабылды.

Халықты эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде 108 жылыту пункті дайындалды. Автомашиналар кептелісі орын алған жерде ТЖД уақытша жылыту пункттерін қойды (3 бірлік Кунг автокөлігі).

7 ақпаннан бастап ТЖМ ахуалдық орталығында республикалық жедел штаб жұмыс істеуде. Оның құрамына «Қазавтожол» ҰК АҚ және «Қазақавтодор» ЖШС де кірді. Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында да осындай штабтар жұмыс істеуде. Шұғыл жұмыстарға барлығы ТЖМ, ІІМ, жол қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардан 372 адам мен 171 бірлік техника жұмылдырылды, - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Халыққа ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 16-СМС хабарлама таратылды, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 19 хабарлама жіберілді.

Республикалық жедел штаб пен өңірлерде (Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында) халыққа уақтылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін «Жедел байланыс желісі» ашылды. ТЖМ: 8 717 2 53 32 84, Ақмола облысы ТЖД: 8 716 2 55 14 84, Қарағанды облысы ТЖД: 8 721 2 51 72 23, Павлодар облысы ТЖД: 8 718 2 20 11 12.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...