Кеше Астанаға 1322 тонна көмір жеткізілді

21 Ақпан 2019, 17:59
1556
Бөлісу:
Кеше Астанаға 1322 тонна көмір жеткізілді

Астана, BAQ.KZ. 20 ақпандағы жағдайға сәйкес елордадағы қатты отынның жалпы қоры 12 101,51 тоннаны құрайды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Кеше елордаға 1322 тонна көмір әкелінді. Оның 770 тоннасы – «Шұбаркөл», 552 тонна – «Қаражыра» көмірі. Ал көмір бағасы төмендегідей: «Шұбаркөл» тоннасы – 11 300 теңге, «Қаражыра» тоннасына – 12 700, «Майкөбе» тоннасы – 12 000 теңге, «Богатырь көмір» – 9 000 теңге, «Кузнецкий» – 12 250 теңге.

Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу мақсатында көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды. Бүгінгі таңда көмір нарығындағы жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ.

Астана қаласының әкімдігі көмір нарығындағы жағдайды күн сайын мониторингтен өткізіп, өзінің тұрақты бақылауына алған. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.

Өзгелердің жаңалығы