«Керуен» мен «Abu Dabi Plaza» кешінде екпе пункттері ашылады

20 Сәуір 2021, 11:42
1901
Бөлісу:
«Керуен» мен «Abu Dabi Plaza» кешінде екпе пункттері ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және тұрғындарды COVID-19-ға қарсы вакциналау» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

Нұр-Сұлтан бойынша 102 екпе кабинеті вакцинацияға жататын контингентті қамту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Оның ішінде «MEGA Silk Way» және «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталықтарында егу пункттері ашылды. Сондай-ақ, мұндай пункттерді өзге де сауда орындарында ашу жоспарда бар. Қазіргі уақытта адам көп жиналатын жерлерде қосымша егу кабинеттері ашу мақстаында жұмыстар жүргізілуде. Жақын арада мұндай пункттер «Керуен» сауда орталығы мен «Abu Dabi Plaza» кешенінде де ашылады. Сауда орындарындағы барлық санитарлық-медициналық талаптар эпидемиологиялық ұйымдардағы сияқты деңгейде сақталатын болады. Яғни, бөлме жиынтықтары, жарақтандыру, жылжымалы егу пункттерін аймақтарға да бөлу және т.б. Бүгінде департамент мамандары осы мәселелердің барлығын пысықтап жатыр, - деді ол.

Ол бұған дейін елордадағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз екенін, қала бір айдан астам уақыт бойы «қызыл» аймақта тұрғанын мәлімдеген болатын.

Айта кету керек, 19 сәуірден бастап «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында қала тұрғындарының екпе алуына мүмкіндік жасалды. Вакцинация пункті гипермаркеттің жанындағы бірінші қабатта орналасқан. СОО-да вакцинациялауға ниет білдірушілерді қабылдау кестесі сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Өзгелердің жаңалығы