Кентауда мыс-алтын аралас концентрат өндіретін зауыт іске қосылды

8 Қазан 2019, 05:39
3009
Бөлісу:
Кентауда мыс-алтын аралас концентрат өндіретін зауыт іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кентау қаласының 64 жылдығына орай, «Кентау полиметалл» ЖШС ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады. 

Айтулы шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, «Кентау полиметалл» ЖШС басшысы Дмитрий Копченко қатысты. Сондай-ақ, ардагер кеншілер Қамбар Сейітжанов пен Шерхан Әбілов ашылғалы тұрған кәсіпорынның маңызына тоқталып, ізгі тілектерін білдірді.

1910071952030380f.jpg

Содан соң Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Иябайұлы, Кентау қаласының әкімі Даурен Мақажанов, ардагер кенші Шерхан Абилов, кәсіпорын басшысы Дмитрий Копченко зауытты салтанатты түрде іске қосты.

1910071952030382f.jpg

Жобаның мақсаты - бос тұрған өнеркәсіп орнында түсті металл кенін байыту кешенін ұйымдастыру және жаңа жұмыс орындарын ашу. Осы мақсатқа жету үшін 2016 жылдың 10 желтоқсанында Кентау қаласының әкімдігі, облыстық Кәсіпкерлер палатасы және инвестициялық компания арасында 2 170 000 000 теңге сомасына үшжақты меморандумға қол қойды. Бүгінде жоба толық іске қосылып отыр.




Өзгелердің жаңалығы