Бас жаңалықтар
Кенияға коронавируспен күресуге көмек беретін үш робот жеткізілді
28 Қаңтар 2021, 08:39 206

Кенияға коронавируспен күресуге көмек беретін үш робот жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кенияға коронавирус індетімен күресуге көмек беретін 3 робот жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – Жапония үкіметі қаржыландырған шара. Құрылғы бір минут ішінде 200-дей адамның дене қызуын өлшей алады. Сондай-ақ әуежайлар секілді үлкен ауданды алып жатқан ғимараттарды дезинфекциялайды. Оған қоса, адамдарға маска кию қажеттігін еске салып тұрады. Осылайша, осы жұмысты атқарып жатқан медиктерді ауру жұқтыру қатерінен сақтап қалады. 

Кенияға келетін туристер роботтың қабілетін бағалайтынына сенімдімін. Өйткені олар әуежайда тексеруден өтетін жолаушылардың уақытын үнемдейді, – дейді Кенияның Денсаулық сақтау министрі Мутахи Кагве. 



Фото: дереккөз
Загрузка...