Бас жаңалықтар
Кенияда мектеп құлап, 7 оқушы мерт болды
23 Қыркүйек 2019, 16:54 323

Кенияда мектеп құлап, 7 оқушы мерт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кения астанасы Нейробиде мектеп құлап, 7 оқушы қаза тапты. Бұл туралы bbc.com сайтында хабарланды.

Ресми дерек көзінің хабарлауынша, Precious Talent Top School мектебінде сабақ басталған соң бірнеше минуттан кейін ағаштан жасалған құрылыс құлаған. Оқиға бүгін болған. Оншақты адам жарақаттанып, жергілікті ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына апаттан құтқару қызметі барған. Бірақ оқиға орнына жиналған адамдар көліктің жүріп-тұруына бөгет жасаған.

Мектеп директоры Мосеса Ндирангудың айтуынша, апат кәріз коллекторының құрылысымен байланысты болуы мүмкін. Оның ойынша, құрылыс жұмыстары мектептің фундаментін босатып жіберуі мүмкін.

Қызыл крест өкілдері бірнеше жапа шеккенді Дж. Кениата атындағы ұлттық ауруханаға жеткізген. Кения үкіметі болған оқиғаға байланысты тергеуді бастап кетті.




Фото: дереккөз
Загрузка...