Ғасыр өткен соң. Кенияда қара қабылан фотоға түсірілді

13 Ақпан 2019, 12:00
3420
Бөлісу:
Ғасыр өткен соң. Кенияда қара қабылан фотоға түсірілді

Астана, BAQ.KZ. Кенияда натуралист-фотограф өте сирек кездесетін қара қабыланды суретке түсірді. Бұл туралы Daily Mail жазады.

Уилл Беррар-Лукастың (Will Burrard-Lucas) айтуынша, бала кезінен бұл жануарды көруді армандаған. Кенияның Лайкипиа графтығында қара қабыланның кездескенін естіп, Сан-Диего зообағындағы ғалыммен бірлесе жұмыс жасауға келісіп алады. Осылайша экспедицияға шығады.

Ол фото құрылғысын бірнеше күнге әр жерге қалдырып кетеді. Қайтып келген соң кадрларды көріп, өз көзіне сенбейді.

«Өз арманымды орындағанымды сезгенімше қаншама күн өтті», - деді ол.

Қара қабылан – өте сирек кездесетін мутациялық тұқым. Соңғы рет ол 1909 жылы суретке түсірілген.

 

Өзгелердің жаңалығы