Кеңес жұмысы кешенді мәселелердің шешіміне ықпал етеді – Мақпал Жұмабай

5 Мамыр 2022, 20:10
1117
Бөлісу:
Кеңес жұмысы кешенді мәселелердің шешіміне ықпал етеді – Мақпал Жұмабай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Жастар кеңесі өкілдері Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров мырзамен кездесу өткізді. Бұл туралы Мақпал Жұмабай әлеуметтік желіде жазды.

АҚДМ басшысы Асқар Умаров министрліктің негізгі бағыттары бойынша ақпарат беріп, баяндама жасады. Меніңше, бұл кездесу кеңес мүшелерінің министрліктің жұмысына қай тараптан қолдау білдіре алатынын ұсынуымен және керісінше министрдің Кеңес бастамаларына қай тұрғыдан қолдау білдіре алатынын сараптауымен ерекшеленді. Министр жаңашыл ойлар айтып, өзара пікірлесуіміз нәтижелі өтті. Бұл жиында ақпарат саласынан тыс, қоғамдық жұмыстарым туралы, дәлірек айтсам, балалар контентіне қатысты қоғамдық жобалар мен ÖzgeEpic заманауи өнер кеңістігінің жастарды әлеуметтендіруге қатысты іс-шаралары туралы айтып бердім. Осы саладағы тәжірибемізді ортаға салуға дайын екенімізді жеткіздім. Министр мырза жиындағы барлық ұсыныстар бойынша қосымша кездесу өткізетін болды, – деп жазды Мақпал Жұмабай.

Сондай-ақ ол Кеңес жұмысы заңнамалық негізі бар құжаттардың жасалуына қатысып, кешенді мәселелердің шешіміне ықпал ете алатынын айтты.

Жиын нәтижесінде, Кеңес өкілдері «БАҚ туралы» Заңның жұмыс тобына қосылды. Сонымен қатар, министрлік тарапынан әзірленетін бірнеше бағдарламалық құжаттарға тартылды. Осы екі ай жұмыстан түйгенім, Кеңес жұмысы заңнамалық негізі бар құжаттардың жасалуына қатысып, кешенді мәселелердің шешіміне ықпал ете алады, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы