Шығыс Қазақстанда кене энцефалитіне шалдыққандар саны азайған

6 Маусым 2019, 17:09
1503
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда кене энцефалитіне шалдыққандар саны азайған
Фото: автордан

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы бір жарым айда Шығыс Қазақстан облысында зертханалық жолмен 5 кене энцефалитіне шалдығу жағдай анықталған. Бұл жөнінде бүгін ШҚ Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында хабарланды.

«Аталмыш көрсеткіш әр жүз мың адамға 0,4 көрсеткішке ғана тән. Жалпы, биыл өңір тұрғындарының кене энцефалитіне шалдығу көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 бірлікке азайған. 14 жасқа дейінгі балалар арасында бұл дертке шалдыққандар саны 4 баланы құрады. Дерт негізінен Катонқарағай, Алтай аудандары мен Өскемен қаласында тіркелген», - деді ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Әлия Оспанова.

Жауапты тұлғаның хабарлауынша, соңғы екі ай көлемінде облыстағы емханаларға кене шағу бойынша 2254 адам жүгінсе, олардың 94 пайызы кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратымен қамтылған. Ол кене шағу бойынша жүгінген азаматтардың 34 пайызының 14 жасқа дейінгі балалар екенін айтады.

«Кене энцефалитіне қарсы жоспарлы екпе жұмыстары эндемиялық аумақта жұмыс істейтін жұмысшылар үшін жылына екі мәрте - көктем және күз маусымдарында жүргізіледі. Мұндай аумақтарға Алтай, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Өскемен, Риддер қалалары жатады. Биыл аталмыш дертке қарсы көктемгі екпе жұмыстарымен 8 855 адам қамтылды. Кене шағу бойынша жүгінген азаматтарға иммуноглобулин препараты беріледі. Қазіргі уақытта аталмыш препарат өңірдегі емханаларда жеткілікті деңгейде», - деп қосты Әлия Оспанова.

Басқарма өкілінің хабарлауынша, бүгінгі таңда балалар көп шоғырланатын 35 жазғы демалыс лагерінің маңайлары жіті назарға алынып, демалыс лагерлерінің маңдарындағы 222 гектар аумақ кенеге қарсы дезинфекцияланған.

Өзгелердің жаңалығы