Қытай әлі келісім берген жоқ: Вице-министр Қазақстан жолдаған хат туралы айтты

28 Қаңтар 2020, 14:58
5567
Бөлісу:
Қытай әлі келісім берген жоқ: Вице-министр Қазақстан жолдаған хат туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Қытай үкіметіне қазақстандық студенттерді шығару бойынша хат жолдаған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты.

Ол бұл туралы бүгін Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс комитетінің отырысында айтты.

Кейбір студенттер елге оралатындар айтты. Дипломатиялық арналар бойынша Қытай үкіметіне қазақстандық студенттерді шығару бойынша хат жолданды. Әзірге ҚХР тарапы ешбір мемлекетке мұндай келісімді бермеді. Ведомствоаралық топ жергілікті әуе компаниясымен тиісті бортты ұсыну мәселесін пысықтады. Денсаулық сақтау министрлігімен қажетті шаралар атқарылып жатыр. Оның ішінде еліміздің аумағындағы студенттердің Қытайдағы жоғары оқу орындарындағы демалыс мерзімін ұзартуды қарастырудамыз. Өйткені біздің студенттер Қытайға бара алмай отыр. Ал бұл елде оқу орындарының жұмысы жалғасып жатыр. Сол себепті оқу үлгеріміне қатысты академиялық мәселелер туындамас үшін ҚХР-дағы әріптестермен келіссөздер жүріп жатқанын айта кетейін, - дейді Мирас Дәуленов.

Оның айтуынша, Қытайда білім алып жүрген 12 мыңға жуық қазақстандық студенттің басым көпшілігі еліміздің аумағында.

Бүгінгі таңда Қазақстанның 11 мың 700 студенті Қытайда білім алып жатыр. Олардың көбісі бүгінде Қазақстанға келген. Ал осы вирустың негізгі шыққан жері Уханда 400 студентіміз оқиды. Соның ішінде 98-і сол қаладағы оқу орнының кампусында. Бұл нысан қаланың орталығынан біршама алшақтау жерде орналасқан. ҚР білім және ғылым министрлігі олармен тұрақты байланыста. Күн сайын студенттермен байланысқа шығып тұрамыз, - дейді вице-министр.
Өзгелердің жаңалығы