Бас жаңалықтар
Келесі жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі қандай тақырыптарды қамтитыны белгілі болды
06 Қазан 2021, 12:26 111

Келесі жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі қандай тақырыптарды қамтитыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХІХ отырысында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев хабарлады. Оның айтуынша, келесі жылы өтетін VІІ съезге шақырылғандардың тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Айта кететін жайт, кеше өткен хатшылық жұмыс тобының отырысы барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VІІ съезінің жалпы және секциялық отырыстарының тақырыбы бойынша жұмыс тобы мен хатшылық мүшелерінің 49 ұсынысы жинақталды. Съезге шақырылғандардың тізімін қалыптастыру жұмысы жалғасып жатқанын айта кету керек. Дайындық кезеңінде съездің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі ақпараттық жұмысқа мән беріліп отыр, - деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ қазіргі таңда ірі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында мыңға жуық материал жарияланып үлгерген.

Үндістан, Пәкістан, Женева, Чехия және Сауд Арабиясында съездің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілетуге арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Армения, Венгрия, Германия, Иран, Канада, Қырғызстан, Малайзия, Түркияда осындай іс-шаралардың жоспарланғанын атап өткім келеді, - деді Серік Егізбаев. 

Ведомство басшысы VII съездің жұмысын жаңа тәсілде өткізуге қатысты пікірлер талқыға түсті деп отыр. Оның айтуынша, діни қоғамдастықтар мен олардың көшбасшыларын қазіргі әлемнің шынайылығында адамгершілік қағидаларын қалыптастырудағы рөліне қатысты мәселе мазалайтын көрінеді.




Фото: дереккөз
Загрузка...