Атырауда кез келген ауа райына шыдамды 100-ден астам аялдама орнатылады

13 Тамыз 2019, 16:35
1923
Бөлісу:
Атырауда кез келген ауа райына шыдамды 100-ден астам аялдама орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аялдамалардың көбі кеңейту мен қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелерге орнатылады, деп хабарлады Атырау қаласы əкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалалық ТКШ бөлімі мамандарының айтуынша, аялдамалар ең алдымен реконструкциялық жөндеуден өтетін Бейбарыс даңғылы және Құрманғазы, Ғұмаров, С.Датов, Ғабдиев, Амандосов, Уалиханов, Гагарин, Әуезов, Маденов көшелері мен Азаттық даңғылының бойына орнатылады. Сондай-ақ, қаладағы маңызы зор Әбілхайыр хан,Сатпаев және Махамбет көшелеріне жəне ауылдық округтерге орнатылады.

"Ашық және жабық күйде болатын 112 аялдама орнатуды жоспарлап отырмыз. Оның 32-сінің ұзындықтары əртүрлі болады. Аялдамалар Белорусь елінде жасалған. Кез келген ауа райына шыдамды, сапалы болып келеді. Жолаушылар үшін, салқындатқыш және жылытқыш қондырғылары орнатылған. Ал, қас қарайғанда жарық беріп, көшенің сәнін де келтіреді", - дейді қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы Алмаз Сәрсенов.

Өзгелердің жаңалығы