Келесі жылдан бастап жастар саясатының орындалуы бағаланады – министр
Президенттік қолдау
24 Қараша 2021, 10:28 67

Келесі жылдан бастап жастар саясатының орындалуы бағаланады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумында айтты.

Елбасы негізін қалаған жастар саясатын Мемлекет басшысы Тоқаев та қолдап келеді. Біз биыл Президенттің тапсырмасына сай «Жастарды дамытудың қазақстандық индексі» әдістемесін әзірледік. Келесі жылдан бастап индекс аясында барлық 17 өңірдегі жастар саясатының орындалуы бағаланады. Бұл барлық деңгейдегі жобаның тиімділігін анықтап, нақты проблемалық саланы айқындап, тиісті шешім қабылдауға мүмкіндік береді, - деді Аида Балаева.

Министр атағандай, соңғы 5 жылда магистратура мен докторантурада білімін жалғастырғысы келетін жастар қатары артты.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуы 2014-2021 жылдары аралығында орта білімге қолжетімділіктің артуы негізінде 2,5 пайызға көбейді. ЖОО-да оқитын қажеттілігі жоғары жандардың саны 2,5 пайызға артты, - деді министр.


Фото: дереккөз
Загрузка...