Бас жаңалықтар
Келешекте физикалық дағдымен жұмыс істеп үйренгендердің қызметіне сұраныс төмендейді
16 Қыркүйек 2020, 18:08 128

Келешекте физикалық дағдымен жұмыс істеп үйренгендердің қызметіне сұраныс төмендейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Болашақтың құзыреттері. XXI ғасырдағы дағды мен іскерлік. Оны қалай дамыту керек?» атты онлайн-вебинар барысында «BTS Education» компаниясының бас директоры, «Қазақстанның жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы» жобасының ұлттық үйлестірушісі Саясат Нұрбек айтты.

Талай ғалымдардың айтуынша, келер он жылдықта болатын ең негізгі өзгеріс – біз осы жылдан бастап толыққанды цифрлық қоғамға бет бұрдық. 2020 жыл індетпен басталды. Миллиардтаған адамға бір күнде физикалық дүниеден сандық дүниеге көшуге талап қойылды. Оған бір ғана мысал, ұстаздар. Олар осыдан 7-8 ай бұрын қашықтан оқу жүйесіне көшу туралы ойламаған да еді. Сандық орта ұстаздарға мүлдем жаңаша талап қоя бастады. Ол дегеніңіз, сандық сауаттылық, мазмұн. Енді физикалық дағдымен жүзеге асырылатын мамандықтар осы цифрлық қоғамда ақырындап кете бастауы керек. Сандық еңбек нарығында бір топ жаңа мамандық пайда болады, - дейді ол.
Саясат Нұрбек физикалық ортада физикалық дағдымен жұмыс істеп үйренген адамдардың қызметіне сандық дүниеде сұраныс төмендейтінін айтады.
Тағы бір үлкен өзгеріс – жасанды интеллект деген технологияның нарыққа енуі. Келесі он жылдықта бұл технологиялар толыққанды нарыққа шығады. Сарапшылардың айтуынша, адамдар бұдан да бетер жағдайда болуы мүмкін. Бұл тақырып аясында, сарапшылар екіге бөлінген. Бірі – жағдай қиын болады, адамдар жұмыссыз қалады десе, екіншісі –өзгерістер өте ауқымды, бірақ жаңа технологиялар жаңа нарықты жаратады деген пікірді ұстанады. Мысалы, креативті экономика, киберэкономика, жаңа технологиялық қызметтер, - дейді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...