Бас жаңалықтар
Кедей шенеунік - қауіпті шенеунік. Тайжан мемқызметкерлердің жалақысын көтеру қажет екенін айтты
23 Маусым 2021, 15:16 46343

Кедей шенеунік - қауіпті шенеунік. Тайжан мемқызметкерлердің жалақысын көтеру қажет екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мен де мемлекет қызметкерлерін кәсіби мейрамдарымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызметкерлердің 99,9% сыбайлас жемқорлықтан жұрдай адамдар, жұмыстарын адал атқарып жатыр. 

Бұл туралы Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қаншама шенеуніктер маған жасырын түрде көмектесіп жүр, маңызды ақпарат беріп отырып. Олар да қазақ қой, олар да халықтың қамын ойлап жүр. Дұғай рахмет Сіздерге!, - деп жазды ол.

Тайжан мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жөнінде сөз қозғады.

Бұл жерде тағы бір тақырыпты көтергім келеді. Иә, дәрігерлер мен ұстаздардың жалақысы жоғары болуы керек деп айтамыз, ол дұрыс! Бірақ осы мемлекеттік қызметкерлерінің да жалақысы жоғары болуы тиіс. Неге? Себебі олардың жалақылары төмен болса, кәсіби мамандар (мысалға заңгерлер мен экономистер) мемкелеттік жұмысқа бармайды. Сонда мемлекеттік жұмыстың сапасы сөзсіз нашарлайды. Одан басқа кедей шенеунік - қауіпті шенеунік, себебі ол жемқорлықтан бас тартай алмайды. Кез келген олигарх немесе өзге ел оларды сатып ала алады. Қазақстанның мемлекет қызметі жоғары дәрежеде болсын! Кәсіби мейрам құтты болсын!, - деп атап өтті ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...