Кеден бекетінде декларацияланбаған тауар анықталды

22 Қыркүйек 2019, 12:35
2067
Бөлісу:
Кеден бекетінде декларацияланбаған тауар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға бағытталған декларацияланбаған тауарлар анықталды. Бұл туралы Салық комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"2019 жылдың 18 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Бахты» кеден бекетінде Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасына бара жатқан тауарларды кедендік тексеру барысында кеден бекетінің және Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері бірлесе отырып, декларацияланбаған 1976 жұп мөлшеріндегі «аяқ киім» дерегін анықтады. Алдын ала деректер бойынша кедендік құн 4 млн теңгені құрайды", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта кеден органдарымен тауарларға кедендік сараптама жүргізу, декларацияланбаған тауарлардың кедендік құнын анықтау, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар сомасын белгілеу, сондай-ақ тұлғаларды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде.
Өзгелердің жаңалығы