Кеңес медициналық мекемелердің проблемасын қадағалайды – Nur Otan

25 Мамыр 2020, 18:14
1377
Бөлісу:
Кеңес медициналық мекемелердің проблемасын қадағалайды – Nur Otan

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес жұмыс тобы еліміздегі ең өзекті мәселелерді бұған дейін де бірнеше рет талқылаған болатын.

Соның ішінде  Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төра­ғасының орынбасары Динара Закиева, сондай-ақ жауапты министрліктер, үкіметтік емес ұйымдар барлық проблеманы шешудің жолдарын қарастырған еді.
Партия жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және бала­лар­дың құқықтарын қорғау жө­ніндегі республикалық қоғамдық кеңе­сінің мүшелері еліміздегі шалғай елді ме­кендерді аралап, біл­ім беру, әлеуметтік қорғау және ден­саулық сақтау мекемелерінің жұ­мысын тексеріп шықты. Мем­ле­­кеттік және мемлекеттік емес ұйым­дар бірлесе жұмыс істеу арқылы тығырықтан шығудың тетіктерін қарастырды. Көмекке зәру ана мен балаға, жағдайы тө­мен отбасыларға жан-жақты жағдай жасалады. Баланың құқығы ту­ра­лы заң да қабылданды. Негізгі мақ­са­тымыз – балаларды қорғау. Балалардың қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету үшін жүйелі жұмыстар жүзеге асырылады. Үкімет зорлау, қинау, зомбылық жасауды болдырмау мақ­сатында арнайы бағдарлама дайындап, мемлекеттік емес ұйымдармен бірі­гіп тұжырымдама жасап жатыр. Мақсат – билік пен мемлекеттік емес ұйымдармен бірігіп, балалардың әлеуметтік тұрмысын жақсарту, – дейді Динара Закиева.

Отбасы, әйелдер мә­­селелері және балалардың құ­­қық­тарын қорғау жөніндегі рес­­пуб­ликалық қоғамдық кеңе­сі­нің өңірлерге жүргізген тексеру қорытындысында анық­талған келеңсіздіктердің 70%-і түзелді. Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.

Айта кетейік, кеңестің мақсаты – отбасын қолдау, ба­ла­­лардың құқығын қорғау үшін  жүйе іс-шараларды дайындап, іске асыру. Республикалық қоғам­дық кеңестің жұмыс тобы пар­тия­, елдің күш-жіге­рін жұмылдыратын бірегей алаң­ға айналып отыр.
Өзгелердің жаңалығы