Бас жаңалықтар
«Қазпоштаға» жаңа төраға келді
24 Қыркүйек 2021, 18:24 173

«Қазпоштаға» жаңа төраға келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен Серік Болатұлы Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. 

Қанат Қалиұлы Алпысбаев берген өтінішіне сәйкес «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды. 

Серік Саудабаев 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Рысқұлова атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.  

Еңбек жолын 2000 жылы аға заң кеңесшісі қызметінен бастаған. 

2002-2003 жылдары — «Астанателеком» кеңейтілген сервис орталығының инженері. 

2003-2010 жылдары — «Қазақтелеком» АҚ-да түрлі қызметтер атқарған. 

2010-2014 жылдары — «Самұрық-Қазына» АҚ коммуникациялық активтерді басқару жөніндегі директоры. 

2014-2016 жылдары — «Самұрық-Қазына» АҚ көлік-коммуникация активтерін басқару жөніндегі бас директордың орынбасары. 

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Самұрық-Қазына» АҚ «Коммуникациялар» дирекциясының директоры. 

2010 жылғы шілдеден бастап 2021 жылғы ақпанға дейін — «Қазақтелеком» Директорлар кеңесінің мүшесі. 

2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — «Қазақтелеком» Директорлар кеңесінің мүшесі. 

2010 жылғы шілдеден 2014 жылғы наурызға дейін — «Қазпошта» Директорлар кеңесінің мүшесі.

2016 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Қазпошта» Директорлар кеңесінің мүшесі. 

2021 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Kcell» Директорлар кеңесінің мүшесі. 

2017 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — «QazCloud» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі.


Фото: дереккөз
Загрузка...