Бас жаңалықтар
"Қазпошта" қызметкерлері тұрғындарға штаттық режимде қызмет көрсетеді
07 Сәуiр 2020, 16:07 192

"Қазпошта" қызметкерлері тұрғындарға штаттық режимде қызмет көрсетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңдағы Қазақстанда төтенше жағдай мен карантин режимі басталғалы пошта және қаржылық қызметтерін ұсынуды тоқтатпағананын ескертеді. Бұл жайында "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов онлайн брифингте айтып берді. 

Әрине, төтенше жағдай пошта бөлімшелерінің жұмыс кестесіне өзгеріс енгізді. Қазір Нұр-Сұлтанда 34 бөлімшенің 10-ы істеп тұр. Алматыда 91 бөлімшенің 30-ы істеп тұр. Жұмыс уақыты да 10.00-ден 16.00-ге дейін қысқартылды. Қалған аймақтарда 17.00-ге дейін қысқарды. Көптеген аймақтарда жергілікті биліктің сұрауымен бөлімшелеріміз демалыс күндерінде де қызмет көрсетуде. Негізі барлық бөлімшелердің жұмыс кестесі біздің сайтта көрсетіліп, жаңартылып отырады, - деді спикер.
"Қазпошта" қызметкерлері мен клиенттерінің денсаулығын сақтау үшін барлық шара қолданылуда. Ұйым төрағасы барлық бөлімшеде дымқыл тазалау және дезинфекциялау үнемі жүргізілетіндігін атап өтті. 
Қызметкерлерге бетперделер мен санитариялық дезинфекциялау, тазартқыштар беріледі. Бөлімшеде қызмет ала алатын адамдар санына шектеу қойылды. Сондықтан пошта қызметін қолданушыларға бөлімшеге келген уақытта сақтық шараларын ұстауға шақырамын, - деді Сәкен Сәрсенов.
Сонымен қатар, брифинг барысында "Қазпошта" төрағасы клиенттерге аса қажеттіліксіз пошта бөлімшелеріне барудан бас тартуды, қашықтықтан қызмет көрсету арналарын қолдануды сұрады. 
Біздің сайт және мобильді қосымшамыз арқылы сәлемдемелерді үйге жеткізуге, курьерді шақырып, жөнелтілімді алып кетуге тапсырыс беруге болады. Сонымен қатар, коммуналдық немесе басқа да төлемдерді төлеуге, мемлекеттік органдармен хат алмасуға мүмкіндік бар, - деді "Қазпошта" АҚ басқарма төрағас. 
Елдегі жағдайға қарамастан барлық пошташы мен курьер пошта, хаттар, газеттерді штаттық режимде жеткізуде. Қызметкерлер күн сайын дайындалған маршруттарға шығып, тұрғындарға қызмет көрсетеді. Сондықтан олардың еңбектеріне құрметпен қарауға шақырды.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...