Бас жаңалықтар
Қазір Қазақстанда саяси трансформация жүріп жатыр – Шаукенова
08 Қаңтар 2021, 11:30 151

Қазір Қазақстанда саяси трансформация жүріп жатыр – Шаукенова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова Қазақстандағы сайлау алдындағы күн тәртібін талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында айтты. 

2021 жылғы парламенттік сайлау кезекті болып отыр. Ол заң мен тәртіпке сай өтеді. Барлық саяси партиялар колекторалды кезеңге дейін бірдей және тең уақытқа ие болды. Екіншіден, сайлау үрдісі ішкі тұрақтылық көрінісінде жүзеге асырылып отырғанын атап өту керек. Бұл экономикалық қиындық пен пандемияға, нақты  халықаралық оқиғалардың әсері кезеңінде болса да тұрақтылық көрініс тауып отыр, - деді ол. 

Шаукенова атап өткендей, саяси партиялар пандемия кезінде жаңа форматта жұмыс істеуге жылдам бейімделді. 

Шаралардың жартысы онлайн режимге көшіріліп, коммуникацияның барлық заманауи әдістері қолданылды. Осылайша, Қазақстандағы қоғамдық-саяси күн тәртібіне жылдам әрі прогрессивтік деген баға беруге болады. Қазақстанның саяси жүйесі заманауи талаптарға сай дамып жатыр, - деді ол. 

Шаукенова Қазақстандағы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауына 10 халықаралық ұйым мен 31 шет елден 398 байқаушы тіркелгенін айтты. 

Алдағы сайлау жаңа саяси кезеңді ашып, елдің саяси процестеріне әсер етеді. Қазақстанда саяси жаңғыру жүзеге асырылады. Қазір Қазақстанда саяси трансформация жүріп жатыр. Оған қазіргі электоралды кезең куә болып отыр, - деді Шаукенова.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...