КАЗГЮУ университетінде соғыс және еңбек ардагерлері зұлмат күндерден сыр шертті

8 Мамыр 2019, 20:55
2185
Бөлісу:
КАЗГЮУ университетінде соғыс және еңбек ардагерлері зұлмат күндерден сыр шертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске 74 жыл толуына орай «Ер есімі - ел есінде» атты тақырыптық кеш өтті. 


Шараға ҚР Қорғаныс министірлігі, Шекара қызметі өкілдері, университет әкімшілігі және де әскери кафедра студенттері мен С.Қ.Нұмағамбетов атындағы Республикалық «Жас ұлан» мектебі шәкірттері қатысты.
КАЗГЮУ университетінде соғыс және еңбек ардагерлері зұлмат күндерден сыр шертті
Аталмыш іс-шараның басты мақсаты - қатысушыларда өз Отаны мен ұлтына, тарихына деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, ардагерлерді құрметтеу, Отан үшін жанын қиған батырлардың есімдерін есте сақтау.
Тақырыптық кешке құрметті қонақ ретінде соғыс және еңбек ардагерлері шақырылды.
КАЗГЮУ университетінде соғыс және еңбек ардагерлері зұлмат күндерден сыр шертті
Кеш барысында соғыс уақытындағы әндер ойнап, еңбек және соғыс ардагерлері соғыс уақытында болған ерліктер және батырлар туралы сыр шертті.
Тыңдаушылар ХХ ғасырдың зұлмат соғысы туралы әңгімені ерекше ықыласпен тыңдады.

Өзгелердің жаңалығы