Қазгидромет 8 аймақта ескерту жариялады

5 Қазан 2021, 19:30
2403
Бөлісу:
Қазгидромет 8 аймақта ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 6 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 

Түнде және таңертең Алматы облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде обылыстың шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Солтүстік желдің екпіні 15-20 м/с артады. 

Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең көктайғақ, тұман күтіледі. 

Күндіз Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз өңірдің оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с құрайтын жел соғады. 

Түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. 

Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Тәулік бойы 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.



Өзгелердің жаңалығы