Бас жаңалықтар
Қазбалы отынды субсидиялау энергия ресурстарын ысыраптауға әкеледі – БҰҰ өкілі
13 Қазан 2021, 18:16 603

Қазбалы отынды субсидиялау энергия ресурстарын ысыраптауға әкеледі – БҰҰ өкілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференция барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының ассистенті, БҰҰДБ әкімшісінің ассистенті және Еуропа мен ТМД бойынша Өңірлік директор Мирьяна Сполярич Эггер хабарлады.

Оның айтуынша, мемлекеттік қаржыландыруға қатысты күн тәртібінде ұлттық бюджеттің ішкі ресурстарын неғұрлым тиімді бөлу өзекті болып отыр. Мемлекеттік қаржыландыру тұрғысында тұрақты және төмен көміртекті инфрақұрылымға басым назар аударылуы тиіс.

Сондықтан БҰҰДБ көмірсутекті отынға арналған субсидияларды қазбалы отыннан бас тартудың маңызды қадамы ретінде тоқтатуға және осы қаражатты адамдарға да, планетаға да инвестициялауға шақырады. Халықаралық энергетикалық агенттіктің деректері бойынша қазбалы отынды тұтынуға елеулі субсидиялар әлемнің 40-тан астам елінде, оның ішінде Қазақстанда да бар, - деді БҰҰ Бас хатшысының ассистенті.

Эггердің айтуынша, мұндай субсидиялар энергия ресурстарын ысыраптап тұтынуды ынталандырады, олар ауаның ластануын күшейтеді және парниктік газдар шығарындыларын арттырады. Екінші жағынан, олардан бас тарту көміртектің нарықтық бағасын белгілеумен және «жасыл» фискалдық реформамен бірге экономикалық тұрғыдан орынды.

БҰҰДБ экологиялық таза және төмен көміртекті дамуды ілгерілетудегі үкіметтермен ондаған жылдардағы ынтымақтастыққа сүйене отырып және әлемнің 137 елі мен аумағында тұрақты энергетика, құрылыс, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және биоалуантүрлілік саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін 4,9 млрд АҚШ доллары мөлшеріндегі гранттар портфеліне ие болған еді. Сондықтан Қазақстан Үкіметіне энергетикалық көшуді жүзеге асыруда осындай көшудің экономикалық орындылығы мен әлеуметтік аспектілерін назарға алып, БҰҰДБ көмек көрсетуге тәжірибе мен білімін жұмылдыруға дайын, - деп атап өтті Мирьяна Сполярич Эггер.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Жасыл» сутекке көшу жүйелі қаржыландыруды қажет ететіндігі туралы жазған болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...