«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Ғалымжан Пірматов қызметінен кетеді

27 Тамыз 2021, 15:50
1591
Бөлісу:
«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Ғалымжан Пірматов қызметінен кетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов өз еркімен қызметінен кететінін айтты.

Компания мәліметінше, Ғалымжан Пірматов 2 қыркүйектен бастап қызметінен босатылады. Оның міндетін басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов атқарады.

Мен ел басшылығына сенім білдіргені және компанияны тиімді басқаруға мүмкіндік бергені үшін зор алғысымды білдіремін. «Қазатомөнеркәсіпті» компания үшін ғана емес, бүкіл әлемдік уран саласы үшін де осындай күрделі уақытта басқару - мен үшін үлкен мәртебе әрі артықшылық болды. Мен жұмыс істеу мәртебесіне ие болған Қазатомөнеркәсіптің бүкіл ұжымына алғыс айтамын. Осы төрт жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерімізді мақтан тұтамын, - деді Пірматов.

2015 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіпте» түрлі лауазымдарды атқарған және қазіргі уақытта ЯОЦ бойынша бас директор Мәжит Шәріпов мемлекеттік қызметте және жеке секторда түрлі лауазымдарда, оның ішінде энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаментінің директоры, ҚР Атом энергиясы агенттігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры және Атом энергиясы комитетінің төрағасы лауазымдарында 31 жылдан аса жұмыс істеген.

Айта кетейік, Ғалымжан Пірматов 2017 жылдың тамызынан бері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшысы болып қызмет атқарды.


Өзгелердің жаңалығы