Қазанда КВИ-дің сырттан келген 39 жағдайы тіркелді

27 Қазан 2020, 17:14
1533
Бөлісу:
Қазанда КВИ-дің сырттан келген 39 жағдайы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты.

6 қазаннан бастап ПТР анықтамаларға қатысты рұқсат беру шаралары енгізілгелі бері елімізге халықаралық әуе рейстері арқылы 44 834 жолаушы келді. Анықтамалармен басым көпшілігі - бұл 84%-шетелден келеді. Бірінші қазаннан бастап ПТР талдауын тапсыру үшін екі күндік карантинге карантиндік стационарларға орналастырылған 7 540 жолаушы анықтамасыз келді. Сырттан келген 7540-тың ішінде 39 жолаушыдан вирус тіркелді, - деді ол.

Дәрігер азаматтардың Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Қарағанды қалаларында карантинге жатқызылатынын жеткізді.

Депортацияланған шетелдік азаматтарға келетін болсақ, 6 қазаннан бастап шетелдік азаматтар ПТР туралы анықтамасыз әуе кемесіне жіберілмейді деген қаулының талаптарын ескере отырып, олардың мерзімі өткен тесттермен, экспресс-тесттермен келгені анықталғаннан кейін, 31 шетелдік азамат елдеріне кері депортацияланды. Олардың арасында Ресей, Украина, Беларусь, Ұлыбритания, Түркия, Германия азаматтары бар, - деді Байғабылов.

Өзгелердің жаңалығы