Қазан айында 330 мың тонна дизель отыны өндіріледі – Мағауов

12 Қазан 2021, 15:02
2344
Бөлісу:
Қазан айында 330 мың тонна дизель отыны өндіріледі – Мағауов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

11 қазандағы жағдай бойынша дизель отынының жалпы қалдығы 214,9 мың тоннаны құрады, оның ішінде МӨЗ-де 38,7 мың тонна, мұнай базаларында 123,4 мың тонна. Қабылданған шараларды ескере отырып, қазан айында 330 мың тонна көлемінде дизель отынын өндіруді (қазанның 1 онкүндігінде 130 мың тонна өндірілді) және 80-100 мың тонна көлемінде импорттық жеткізілімдерді ескере отырып, ішкі нарықты тұрақтандыру күтілуде, - деді ол.

Мағауов атағандай, 2021 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша мұнай базаларындағы қалдық 128,3 мың тоннаны құрады және мұндай жоғары сұраныс болған жоқ.

Осыған байланысты дизель отынының қолда бар қорларын жедел мониторингілеу үшін министрлік еліміздің барлық мұнай базаларын автоматты деңгей өлшеуіштермен жабдықтау қажеттілігі мәселесін көтерді, олардың деректері ЖЖМ қалдықтарының деңгейін нақты уақытта қадағалауға мүмкіндік береді.Сондай-ақ Қаржы министрлігі ҚМА және БҚДА-мен бірлесіп ірі мұнай базаларында дизель отынын өткізуді жасанды шектеу тұрғысынан тексеру жүргізу мәселесі пысықталуда, - деді Әсет Мағауов.


Өзгелердің жаңалығы