Қазақстанның жемқорлықпен күрес көрсеткіштері Грузиянікінен кем емес – Ерлан Бадыхан

21 Сәуір 2021, 11:33
1234
Бөлісу:
Қазақстанның жемқорлықпен күрес көрсеткіштері Грузиянікінен кем емес – Ерлан Бадыхан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «AntikorLive» аясында өткен брифингте ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің экономика және экология саласындағы ұлттық үйлестіруші Ерлан Бадыхан айтты. 

Жемқорлық - ауруханалардан бастап билік өкілдері сынды қоғамның барлық саласына енген теріс әлеуметтік құбылыс. Аудан әкімдері мен шенеуніктердің пара алуы бойынша ұсталуы инвестициялық климатка кері әсер етеді. Алайда Қазақстанның бәірқатар мықты тараптары бар. Ол - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің болуы. Агенттік жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бірқатар бастаманы жүзеге асырып жатыр, - деді Ерлан Бадыхан.

Оның айтуынша, 2019 жылы жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп ұйымдастырылған.

Біз Қазақстанның барлық өңірін араладық. Сол кезде Антикордың қызметкерлерімен кездестік. Әрбір өңірде жайлы кеңсе жұмыс істеп жатыр. Сондықтан Қазақстанда жемқорлықты жоюға деген құлшыныс бар. Біз оның нәтижелерін де көріп отырмыз. Олар жемқорлық ұлттық менталитеттің бөлігі болған Грузиядағы нәтижелерден кем емес, - деді ол.

Сондай-ақ Ерлан Бадыхан ЕҚЫҰ Қазақстанмен биыл қандай жұмыс жоспарлап отырғаны туралы айтып берді.

Биыл біз Сыртқы істер министрлігімен іс-шаралар жоспарын талқыладық. Біздің алдағы қысқамерзімді мақсатымыз осы жоспарды орындау. Сондай-ақ осыған дейін Үкімет пен үкіметтік емес ұйымдармен қалыптасқан келісімді жалғастыру көзделіп отыр, - деді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы