Қазақстанның вакцинациялау паспортын мойындаған ЕО-дағы алғашқы ел – Мажарстан

22 Маусым 2021, 18:07
1072
Бөлісу:
Қазақстанның вакцинациялау паспортын мойындаған ЕО-дағы алғашқы ел – Мажарстан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы байланыстар министрлігінде Қазақстан елшісі Жәнібек Әбдірашов Мемлекеттік хатшының орынбасары Андраш Баранимен кездесіп, екі ел арасындағы вакцинациялау сертификаттарын/паспорттарын өзара тану туралы вербалды ноталармен алмасты.

Иммундау сертификаттарының болуы Covid-19 вирусының таралуын болдырмауға бағытталған шектеу шараларынсыз (ПТР тест және карантин) екі ел азаматтарының Қазақстан Республикасына және Мажарстанға кіруіне кепілдік береді.

Өзара мойындау шекараларды ашу және Будапешт пен Нұр-Сұлтан арасындағы тікелей әуе қатынасын жандандыру бойынша алғашқы қадамдардың бірі болып табылады.

Осылайша, Мажарстан Қазақстандық вакцинация сертификаттарын/паспорттарын мойындайтын Еуропалық Одақтың алғашқы елі болды.








Өзгелердің жаңалығы