Қазақстанның үздік жедел уәкілі анықталды

4 Қазан 2021, 11:18
4405
Бөлісу:
Қазақстанның үздік жедел уәкілі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз брифингте айтты.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ жедел бөлімшелерінің қызметкерлері арасындағы «Үздік жедел уәкіл» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Үш күндік жарысқа еліміздің криминалдық полиция бөлімшелерінің 18 «Үздік жедел қызметкері» қатысты.

Қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау – ішкі істер органдары қызметкерлерінің басты міндеті. Қызметтік борышын адал атқару үшін полицей кәсіби және білімді болуы тиіс, – деді ведомство басшысы.

Нұрділдә Ораз министр күрделі қылмыстар жедел қызметкерлердің білімі мен дағдыларының, олардың табандылығының, адалдығының, батылдығы мен қылмысқа қарсы күрестегі жедел тапқырлығының арқасында ашылатынын атап өткенін жеткізді.

Жиында Ерлан Тұрғымбаев соңғы уақытта қоғамды ақпараттандырудың дамуына байланысты қылмыстардың саны артып келе жатқанын атап өткен.

Жылдан жылға олардың саны артып жатыр. Жыл басынан бері елімізде 16 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелген, бұл барлық қылмыстың 15%-ын құрайды. Ақпараттық технологиялар қолданылатын басқа да қылмыстардың саны артып келеді. Сондықтан қазіргі жағдайда жедел-іздестіру қызметінің базалық білімдерінен басқа, жедел қызметкерлер цифрлық технологиялармен жұмыс істеу дағдылары мен іскерліктерін дамытуы қажет, - деді Нұрділдә Ораз.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Өзгелердің жаңалығы