Бас жаңалықтар
Қазақстанның үздік учаскелік инспекторлары марапатталды
31 Қазан 2020, 11:33 185

Қазақстанның үздік учаскелік инспекторлары марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ІІМ-де Қазақстанның үздік учаскелік полицейлері марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанның барлық өңірінен келген 17 үздік учаскелік полиция инспекторы тиімді жұмысы және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Олардың кейбіріне арнайы атақтары мерзімінен бұрын берілді.

Марапаттау рәсімі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен ІІМ алқасының кеңейтілген отырысы аясында өтті. «Учаскелік инспектор-бұл белгілі бір аумақтағы қылмыстың алдын алудағы басты тұлға». Дәл осылай Мемлекет басшысы учаскелік полиция инспекторларының ішкі істер органдары реформасын және «жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асырудағы маңызды рөлін атап өтті. Ел Президенті учаскелік инспектор жергілікті халықтың проблемаларын шешуге, қылмыстың жолын кесуге, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыру бағытында қызмет етуге тиіс екенін атап өтті. 


Адамдармен ашық диалог жүргізу қажет. Олардың жергілікті полициядан не күтетінін біліп, көмек қажет болған кезде әрқашан қасынан табылуы керек, – деді Мемлекет басшысы. 

Алқа отырысы барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев учаскелік инспекторлардың өкілеттіктерін кеңейту мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, олар алкоголь ішу сияқты құқық бұзушыларға қатысты шара қолданар кезде, сондай-ақ жәбірленушілердің құқықтарының толық сақталуын қамтамасыз ету кезінде қысқа мерзімді тыйым салулар мен шектеулерді өз бетінше белгілей алатын болады. 

Сонымен қатар учаскелік инспекторлардың штатын ұлғайту, жалақыларын арттыру және полицияның аға учаскелік инспекторы лауазымын енгізу жоспарлануда. 

Мен ішкі істер органдарында 19 жылдан бері қызмет етемін. Бүгінде учаскелік инспекторлардың жұмысына бұрынғыдан да көп көңіл бөлінуде. Барлығы дерлік қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілген. Планшеттер берілген. Осыдан бірнеше жыл бұрын, барлығы қағаз жүзінде болған кезде, бір хаттама үшін 30 шақырым жерде орналасқан аудан орталығына барып, әкімшілік хаттаманы тапсырып, сол жерде тіркейтін едім. Қазір өз елді мекенімнен тысқары шықпай-ақ электронды хаттама толтырамын. Бұл учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді, – деді Шығыс Қазақстан облысының учаскелік полиция инспекторы Владимир Бурнашов.



Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//