Қазақстанның сыртқы қарызы 4%-ға өсті

19 Сәуір 2021, 16:31
2634
Бөлісу:
Қазақстанның сыртқы қарызы 4%-ға өсті

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның сыртқы қарызы бір жылда 4%-ға өскен. Бұл туралы LS порталы жазды.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 163,3 млрд доллар. Бұл 2020 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 6,5 млрд долларға артық. Бір жылдағы өсім 4,1%-ды құраған.

Қазақстанның негізгі қарызы Нидерланды елінде - 44,1 млрд доллар (-0,2%) және Ұлыбританияда - $23,4 млрд (+4,9%). Одан кейін АҚШ тұр, бұл елге 13 млрд доллар қарызбыз, Францияға – 11,7 млрд, Халықаралық ұйымдарға – 11 млрд, Бермуд аралдарына – 10,1 млрд және Қытайға 10 млрд-дан астам доллар қарызымыз бар.

Сонымен қатар Қазақстанның Ресей алдандағы қарызы да 9,2 млрд долларға жеткен. Ал Жапонияға – 5,6 млрд, Гонконгке - 4,2 млрд, Виргин аралдарына – 3 млрд доллар қарызымыз бар.

Қарызымыздың ең аз бөлігі Бразилия, Гренландия, Исландия, Конго, Сирия, Черногория және Ямайкада, бұл елдерге 100 мың доллардан қарызбыз. 

Өзгелердің жаңалығы