Қазақстанның машина жасау саласы: бүгіні мен ертеңі

30 Қараша 2021, 10:48
6960
Бөлісу:
Қазақстанның машина жасау саласы: бүгіні мен ертеңі
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Осынау жылдар ішінде еліміз өркендеп, барлық сала дамып келеді. Соның бірі – Қазақстанның машина жасау саласы.

Машина жасау саласы – бұл өнеркәсіптің барлық саласын жабдықпен қамтамасыз ететін және ғылыми техникалық прогресс деңгейін айқындайтын заманауи өнеркәсіптік өндірістің базалық саласы.

Қазақстанның машина жасау саласы: бүгіні мен ертеңі

Қазақстан машина жасаушылар одағының мәліметінше, 2021 жылы машина жасау саласында өндіріс көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 24%-ға өсті.

Айта кетейік, машина жасау саласы әлемдік сауданың 40%-ын құрайды.

#Тәуелсіздік30: Машина жасау саласы

Барлығымыз күнделікті өмірде, яғни өндіріс пен тұрмыста қолданылатын құрал-жабдықтар машина жасаумен байланысты екенін білеміз. Жалпы машина жасау 37 саладан тұрады.

Қазақстанның машина жасау саласы: бүгіні мен ертеңі

Машина жасау кешенінің салалары:

1.    Металлургиялық: блюминг, слябинг, пешке арналған жабдықтар.

2.    Энергетикалық: қазандықтар, турбиналар, генераторлар, моторлар, трансформаторлар, энергетикалық блоктар.

3.    Транспорттық: локомотивтер, вагондар, кемелер, ұшақтар, автомокөліктер, құрылыс-жолдары техникасы.

4.    Ауылшаруашылық машина жасау: тұқым сепкіш машиналар, дестелегіштер, комбайндер, тракторлар, астық тазартқыштар, азық цехтары және т.б.

5.    Тау-кен: мұнай, көмір, газ, кен шығаратын машиналар, таулы комбайндар, экскаваторлар.

6.    Құрал жасау: өлшеуіш құралдар, автоматтық, телемеханикалық.

7.    Тұрмыстық техника: теле және радиоаппаратура, тоңазытқыштар, кір жуу машиналары, асүй комбайндары және басқалар.

8.    Станок жасау: құрал-жабдық өнеркәсібі, металл өңдеуге арналған станоктар, сүргілеуші, ажарлаушы құралдар.

Қазақстанның машина жасау саласы: бүгіні мен ертеңі

Тәуелсіздік жылдары елімізде техниканың соңғы түрлері шығарыла бастады. Атап айтқанда, тепловоз, электровоз, жолаушы және жүк вагондары, автобус, аккумулятор, трактор, комбайн, кран, кабель өнімдері, жарықдиодты шамдар, сорғы жабдықтары, жолаушы лифтілері.

Қазақстанның машина жасау саласы: бүгіні мен ертеңі

Қазақстан машина жасаушылар одағының деректеріне сәйкес, бүгінгі күні елімізде бұл салада 3 мыңнан астам кәсіпорын бар. Онда шамамен 120 мың адам жұмыс істейді. Қазіргі күні Қазақстанға Siemens, General electric, Alstom, Hyundai, Claas және басқа да көптеген компания келіп, жұмыс істеуде. 

Қазақстанның машина жасау саласы: бүгіні мен ертеңі

Статистикалық дерек бойынша, бұл саладағы өндіріс көлемі 2010-2020 жылдар аралығында 376 млрд теңгеден 1,8 трлн теңгеге дейін өсіп, 5 есеге көбейді. Осы жылдың қорытындысы бойынша көлем 2 трлн теңгеден асу күтілуде. 2021 жылдың 9 айында өндіріс көлемі 1,6 трлн теңге болып, өсім 23%-ды құрады.

Сонымен қатар қазақстандық өндірушілер өнімдерін шетелге, атап айтсақ, Ресей, Қытай, Орта Азия, Еуропа, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да елдерге экспорттайды. Былтыр машина жасау өнімдері 1,3 млрд АҚШ долларына экспортталды. Одан бөлек, экспорт өнімдері теміржол бұрмалары, рельстер, локомотив және вагон, трансформатор, аккумулятор, кабель өнімдеріне кеңейтілді.

Қазақстанның машина жасау саласы: бүгіні мен ертеңі

Машина жасауды дамытудың Жол картасы

Машина жасауды дамытудың 2024 жылға дейінгі Жол картасын іске асыру аясында келесі нысаналы индикаторларға қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар қарастырылған:

1.     Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту;

2.     Тиімділікті арттыру және қосылған құнды ұлғайту;

3.     Импорт алмастырудың тиімді тетіктерін енгізу;

4.     Жергілікті қамтуды дамытуды қолдау;

5.     Экспортты ынталандыру;

6.     Еңбек өнімділігін арттыру;

7.     Салаға қосымша инвестициялар тарту;

8.     Машина жасау саласында кәсіпкерлікті ынталандыру және ШОБ-ты дамыту;

9.     Машина жасаудағы отандық ғылымды, ҒЗТКЖ, инжинирингті дамыту;

10. Қазақстанда машина жасаудың негізгі секторлары үшін құрауыштардың;

11. Жаһандық өндіруші-жеткізушілерін ұйымдастыру.

Қазақстанның машина жасау саласы: бүгіні мен ертеңі

Машина жасау саласының отандық өндірісін қолдау мақсатында министрлік Қазақстан машина жасаушылар одағымен бірлесіп машина жасаудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын әзірлеп, бекітіп, жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда жол картасының 48 функциясы орындалып, 9-ы жүзеге асырылуда. Осыған орай, негізгі шаралар мерзімінен бұрын орындалғандықтан, қазір Жол картасын өзектілендіруді қайта бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ел экономикасына 9 трлн теңгеден астам қаражат тартылып, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 450 млрд теңгеден астам сомаға 360-қа жуық жоба жүзеге асырылды. Бұл осы машина жасау саласына қатысты болып отыр - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев.

 Егер өңдеуші экономиканың барлық секторы жылына орта есеппен 6-7% деңгейінде өссе, машина жасау өткен жылы 16%-ға өсім көрсетті. 

Өткен жылмен салыстырғанда машина жасау 24%-ға өсіп отыр. Яғни бұл өңдеу өнеркәсібінің ішінде экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан саласы десек болады. Былтыр автоөнеркәсібімізде 75 мың автокөлік болса, биылғы мақсатты көрсеткішіміз 100 000 деңгейіне кету. Тағы бір айта кететіні, былтыр Қазақстан нарығында 96 000 көлік сатылса, оның 67 мыңы отандық өнім. Яғни сатып алынған жаңа көліктердің 1/3 бөлігі отандық автоөнеркәсіптің үлесіне тиесілі. Өткен жылы жеңіл автомобильдер экспортының көлемі 8 000-нан асты. Біздің елімізде биылғы жылы көрсеткіш 15 000 деңгейінде белгіленса, келесі жылғы мақсат 30 000. Автокөлік өнеркәсібі – машина жасау саласының қарқынды дамып келе жатқан ірі салаларының бірі. Қазір Қазақстанда дискілер, аккумуляторлар, пластмасса бөлшектері өндірісі дамып келеді, сондай-ақ ел аумағында ауылшаруашылық техникасының көптеген элементі шығарылады. Осы жылы біз Қостанай облысында да локализация орталығын іске қостық, онда ауыл шаруашылығы техникаларына 2 000-нан астам бөлшек шығарылады - дейді вице-министр.

  Қазақстанның машина жасау саласы: бүгіні мен ертеңі

Машина жасау саласы 2021 жылдың 9 айында 22,8% деңгейде тұрақты өсімді көрсетті.

Қай салада қандай өсім болды:

- автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер (+31,6%),

- машиналар мен жабдықтар (+38,7%),

- басқа көлік құралдарын өндіру (+50,5%),

- компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар (+25,4%),

- электр жабдықтары (+2,6%),

- жөндеу және орнату (+6,5%) есебінен болды.

Қазақстанның машина жасау саласы: бүгіні мен ертеңі

Машина жасаушылар одағы Үкіметпен, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, «Машина жасауды дамыту жөніндегі 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын» жаңартты.

Одақ ұсынған шаралар:

- өндіріс көлемін 2 есе ұлғайтуға,

- шамамен 840 млрд теңге инвестициялар тартуға,

- импортқа тәуелділікті азайтуға,

- экспорт пен салық салынатын базаның үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, машина жасауда индустрияландырудың 10 жылында 400 млрд теңгеге 135 жоба іске асырылды және 2025 жылға дейінгі жоспарда 160 млрд теңгеге 14 жоба жүзеге асырылады.

9 айда - 64 мың көлік

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, биыл 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда барлық үлгідегі 63 559 көлік құралы өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,5%-ға жоғары, ол кезде 50 660 техника шығарылған.

Қазақстанның машина жасау саласы: бүгіні мен ертеңі

Негізгі көлемді жеңіл автокөліктер қамтамасыз етуді жалғастырып келеді. Атап айтқанда, 55 016 көлік шығарылды. Сондай-ақ жүк техникасын өндіру көлемі айтарлықтай артып, 6 971-ді құрады. Бұдан бөлек, 872 автобус, 489 тіркеме және жартылай тіркеме, сондай-ақ 211 басқа да мамандандырылған техника шығарылды.

«СарыарқаАвтоПром» кәсіпорнына өндірілген барлық автокөлік құралының жартысынан астамы тиесілі. Осы жылы Қостанай зауыты 38 309 жеңіл көлік, жүк автомобильдері мен автобус шығарды. Алматылық Hyundai Trans Kazakhstan компаниясы 19 585 автокөлік шығарды. Ал Семей өңіріндегі СемАЗ 3 155 коммерциялық техника өндірді. Көкшетауда «КАМАЗ Инжиниринг» 1 115 жүк көлігін, алматылық Hyundai Trans Auto 586 коммерциялық автокөлік және Daewoo Bus Kazakhstan 207 техника шығарды. Саран қаласындағы QazTehna жаңа зауыты Yutong 143 автобусын шығарды.

Отандық кәсіпорындарда өнімдері игерілген ең танымал брендтердің бестігіне Chevrolet (23 556), Hyundai (19 643), Kia (6 871), JAC (4 488) және ГАЗ (149) кіреді.

Қазақстанның машина жасау саласы: бүгіні мен ертеңі

Биылдың 9 айында дайын автомобильдерді жеткізу 43%-ға, жалпы сомасы 52,4 млрд теңгеден асатын 7 816 автомобильге дейін өсті.

Шетелдік сатылымдардың негізгі бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі (4 346). Сондай-ақ Өзбекстанға - 2 968, Беларусь еліне - 398, Қырғызстанға - 102 және Әзербайжанға 2 техника жөнелтілді.

Тоқаев үндеуі

Бұған дейін қыркүйек айында өткен Қазақстан машина жасаушыларының IX форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасаған болатын.

Пандемияға қарамастан, отандық машина жасаушылар - экономикалық көрсеткіштер бойынша көшбасшылардың бірі. Сала 24%-ға артты. Бұл - өңдеуші өнеркәсіп секторының дамуына қосылған елеулі үлес. Индустрияландырудың алғашқы он жылында өңдеуші өнеркәсіптің экономиканың дамуына қосқан үлесі тау-кен өндіру саласының үлесінен асып түсті. Қазақстандық машина жасаушылар қойылған міндеттерді лайықты орындауда. Шығарылатын бұйымдар номенклатурасын кеңейтіп, жаңа технологиялық әзірлемелерді енгізуде. Жалпы елдегі экономикалық өзгерістер көшбасшыларының қатарында келеді. Мемлекет машина жасау саласының сұранысқа ие жобаларын әрдайым қолдап келеді және қолдай береді. Жолдауда мен 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 24 млрд долларға дейін және еңбек өнімділігін 30%-ға ұлғайту міндетін қойдым. Бұл үшін мемлекет өнеркәсіптік саясат туралы заң қабылдап, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындарды барынша қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету тетігін бекітеді. Отандық агроөнеркәсіптік және өнеркәсіптік саясат ұштастырылады. Қазақстанның машина жасау саласы экономикалық өсімнің, жұмыспен қамту мен экспорттың қозғаушы күшіне айналатынына сенімдімін, - деп айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы