Қазақстанның құрметті құрылысшысы Ұзақбай Мамин қайтыс болды

13 Маусым 2021, 15:36
2386
Бөлісу:
Қазақстанның құрметті құрылысшысы Ұзақбай Мамин қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы ​13 маусымда еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы және Ақмола облысының құрметті азаматы Ұзақбай Жапарұлы Мамин дүниеден өтті.

Ұзақбай Мамин 1937 жылғы 1 наурызда Ақмола облысы Ерейментау ауданының Благодатное ауылында туған.  

Құрылыс саласында шеберден бастап «Целиноградэлеватормельстрой», «Целинсантехмонтаж» трестері, Целиноград облысының агроөнеркәсіптік комитетінің құрылыс кешені сияқты бірқатар құрылыс ұйымының басшысына дейінгі ұзақ еңбек жолынан өтті.

Ерен еңбегі мен жұмыстағы жетістіктері үшін Халықтар достығы және «Құрмет» ордендерімен марапатталды.

Кейінгі жылдары Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлер кеңесінде белсенді еңбек етті.

Ұзақбай Жапарұлы Маминнің есімі біздің жадымызда мәңгі сақталады. 

BAQ.KZ ақпарат агенттігінің ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.

 


Өзгелердің жаңалығы