Қазақстанның кей өңірлерінде күн жылынады

<p> «Қазгидромет» РМК 6-8 сәуір аралығында еліміздің кей өңірлерінде күн жылынатынын мәлімдеді,<br> <br> <br> </p>

 6 Сәуір 2021 2021, 07:20
6 Сәуір 2021 2021, 07:20
1406

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 6-8 сәуір аралығында еліміздің кей өңірлерінде күн жылынатынын мәлімдеді.

Синоптиктердің мәліметінше, Солтүстік Қазақстанда циклон әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерде көктайғақ, найзағай және бұршақ болуы мүмкін. Ал елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз жылы ауа райы қалыптасады.

Оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, бірақ соған қарамастан күн жылы болады. Қазақстан бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, делінген хабарламада.



Наверх