Бас жаңалықтар
Қазақстанның экономикалық көрсеткіші өсіп келеді - Мамин
12 Сәуiр 2021, 11:27 261

Қазақстанның экономикалық көрсеткіші өсіп келеді - Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлім етті.

Биыл қаңтар-наурыз қорытындылары бойынша 7 негізгі көрсеткіштің ішінде алтауы бойынша Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуі байқалды. 7 негізгі көрсеткіштің ішінде бесеуі бойынша алты өңірде өсу байқалды. Бұл – Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласы, - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, жеті өңір бойынша 4 көрсеткіш бойынша оң динамика байқалды. Бұл – Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары.

Барлық өңірлер әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуді және Мемлекет басшысы қойған міндеттерді тиімді іске асыруды қамтамасыз етуі керек. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жетекшілік ететін экономика салаларында жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты жалғастыруы қажет. Жалпы, Қазақстанның экономикасы жаһандық экономикалық дағдарыстың елеулі әсеріне қарамастан, көрсеткіштердің біртіндеп өсуін көрсетіп отыр, - деді Премьер-Министр.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...