Қазақстанның бас онкологі Диляра Қайдарова Ресейдің басты марапатына ие болды

18 Маусым 2021, 16:18
3898
Бөлісу:
Қазақстанның бас онкологі Диляра Қайдарова Ресейдің басты марапатына ие болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрайымы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы Диляра Қайдарова Ресейдің үздік дәрігерлеріне тағайындалатын «Призвание» сыйлығының «Медицинадағы жаңа бағытты құрушы» аталымы бойынша марапатталды. 

Қазақстанның бас онкологі Диляра Қайдарова Ресейдің басты марапатына ие болды

Бұл туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының Instagram-дағы парақшасында хабарланды.

Ол бұл марапатқа ресейлік әріптестерімен бірге жүзеге асырылып жатқан онкофертильдік бағдарламасына қосқан үлесі үшін ие болды.
Марапаттау рәсімі Мәскеу қаласында Медицина қызметкерлері күні қарсаңында өтті.

Қазақстанның бас онкологі Диляра Қайдарова Ресейдің басты марапатына ие болды

Соңғы жылдары онкологиялық дертке шалдыққан науқастар саны өсіп барады. Олардың арасында жастар үлесінің артуы емдеу шараларының сапасын көтеруді ғана емес, олардың ұрпақ қалдыру мүмкіндігін сақтауды да талап етеді. Сондықтан осыдан бірнеше жыл бұрын онкологиялық науқастардың ұрпақ қалдыру мүмкіндігін арттыру және пациенттердің генетикалық материалдарын сақтауға арналған криобанк құру бағдарламасы қолға алынған, - делінген парақшада.

Қазақстанның бас онкологі Диляра Қайдарова Ресейдің басты марапатына ие болды

«Призвание» аталымы Ресейде медицина қызметкерлерін ұлықтауға арналған басты марапат. Ол 2001 жылдан бері табысталып келеді. Соңғы он жылда Ресейдің әр аумағынан медицинаның дамуына әлемдік деңгейде үлес қосқан 300-ден астам дәрігер марапатқа ие болды. Марапат тек Ресейде емес, шетелдерде де танымал.

Өзгелердің жаңалығы