Қазақстанның 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

28 Қазан 2020, 00:18
1008
Бөлісу:
Қазақстанның 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

28 қазанда Ақмола облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20 м/с, кей жерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерде 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады кей жерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

28 қазанда Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерде 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Өзгелердің жаңалығы