Қазақстаннан жеті айда 18 мыңнан аса адам кеткен

15 Қыркүйек 2021, 01:19
12767
Бөлісу:
Қазақстаннан жеті айда 18 мыңнан аса адам кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2021 жылғы қаңтар-шілдеде елімізге тұрғылықты тұру үшін келіп, тіркелген адамдар саны 5 409-ды, елімізден кеткендердің саны 18 198 адамды, көші-қон сальдосы 12 789 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен арада қалыптасқан. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санындағы үлесі 84,3% және 85,4% құрады.

Ел ішінде қоныс аударушышылар саны 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 10,6%-ға артты, – делінген Ұлттық статистика бюросы хабарламасында.
Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (16 902 адам), Нұр-Сұлтан (14 222 адам), Шымкент ( 8 965 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (310 адам).

Өзгелердің жаңалығы